Елсияр Қанағатов: Паралимпиадалық ойындарға 10 спортшыны қатыстырғалы отырмыз
Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов Лондондағы ойындарға қарағанда, Рио-де-Жанейрода өтетін XV Паралимпиадалық ойындарға баратын спортшылар көбірек болатынын мәлім етті.
«Паралимпиадалық ойындардың ондығына ену жаман көрсеткіш емес. Дегенмен, біздің Ұлттық құраманың алдында қазіргі кезде елеулі мақсаттар тұр. Бүгінде спорттың үш түрі бойынша алты спортшы жолдамаларды жеңіп алды. Сонымен қатар, жеңіл атлетика, оқ атудан және садақпен атудан жолдамаларды иелену жоспарланып отыр. Жалпы, біз Паралимпиадалық ойындарға 10 спортшының қатысуы мақсатын алдымызға қойып отырмыз», - деді Е.Қанағатов.
XV Паралимпиадалық ойындары биыл 7-18 қыркүйекте Рио-де-Жанейрода өтеді. Спорттың 23 түрі бойынша 528 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Айта кетейік, 2012 жылы Лондонда өткен Паралимпиадалық ойындарға жеті қазақстандық спортшы қатысып, оның үшеуі алғашқы ондыққа енген еді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45