2017 жылы Алматыда өтетін Универсиадаға қатысты алғашқы рекорд тіркелді
Дүниежүзілік додаға әлемнің 54 елі қатысады. Бұл туралы Халықаралық студенттер федерациясының Брюссельде өткен жиынында белгілі болды.
2017 жылы Алматыда өтетін байрақты бәсекенің тек біздің еліміздің ғана емес, әлемнің тарихындағы орны ерекше. Рекордтық көлемдегі елдер қатысатындығы бір бөлек, бұған қоса бұндай дүбірлі дода ТМД аясында бұрын-соңды болмаған.
Сонымен қатар, Қысқы Универсиада тарихында алғаш рет атлеттер қалашығы салынбақ. Аталған жұмыстарға жауапты Әсет Абдуалиев қазірдің өзінде құрылыс жұмыстарының 2/3 бөлігі аяқталғанын хабарлады.
Сондай-ақ, Алматыдағы сайыстарды әлемнің ең беделді телеарналары тікелей эфирде тарататын болды. Олардың қамтитын аудиториясы орташа есеппен – 1 миллиард адам.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45