Бүгін Шымкентте Стенд атудан ҚР Тәуелсіздігіне арналған ел біріншілігі өтеді
2016 жылдың 2-7 наурызы аралығында Шымкент қаласы «Элдорадо» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Стенд атудан Қазақстан Республикасы Кубогының I кезеңі өтеді.
Жарысқа Астана, Алматы қалаларымен қатар Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 80-ге тарта спортшы қатысады, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Жарыстың мақсаты Қазақстан Республикасында Стенд ату спортын танымал ету, спортшылардың спорттық шеберлігін шыңдау және спортшылардың рейтингін анықтау, оларды алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау.
Бұл жарыста 17-Азия ойындарының чемпиондары мен жулдегерлері Давыдова Анастасия, Дмитриенко Мария, Середа Оксана және Могилевский Андрей өз шеберліктерін көрсететін болады.
Кубоктың салтанатты ашылу рәсімі 4 наурыз сағат 12-30-да Шымкент қаласы бұрынғы Комсомол көлі маңындағы «Эльдорадо» спорттық кешенінде өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45