«Kazsport» телеарнасының қызметкерлері студенттермен кездесті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Kazsport» телеарнасының қызметкерлері студенттермен кездесті.
Кездесуге университет проректоры Дихан Қамзабекұлы, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, жоғары оқу орнында дәріс оқитын «Спорт» газетінің бас редакторы Дүрәлі Дүйсебай қатысты. Кездесудің мақсаты - спорт журналистикасы саласында жас мамандар дайындау үшін өзара қарым-қатынасты нығайту.
«Kazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин кездесуге қатысушыларды мемлекеттік спорттық телеарнаның тыныс-тіршілігімен, бұған дейін атқарылған жұмыстары туралы қызықты деректермен таныстырды.
Жиын еркін форматта өтіп, жиналғандар өздерін қызықтырған сұрақтарға толықтай жауап алды. Содан кейін «Kazsport» телеарнасының өкілдері университеттегі Журналистика және саясаттану факультетінің студиясын аралап көрді. Тараптар алдағы уақытта шеберлік сабақтарын ұйымдастыру жөнінде келісімге келіп, телеарна мен университет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытатын болды.
Айта кетейік, кездесуге «Kazsport» телеарнасынан осы арнаның директоры - Павел Цыбулин, телеарнаның бас редакторы Индира Бектенова және телеарнаның бас режиссері Руслан Дәулетов, редакторлар Тимур Сүлейменов пен Руслан Бақытжан қатысты.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45