«Infostrada» зерттеу орталығы: Қазақстан Рио Олимпиадасында 14 медаль алады
Әлемдік «Infostrada» зерттеу орталығы 2016 жылы Риода өтетін Олимпиада ойындарында қай ел қанша медаль алатынына болжам жасады.
Агенттіктің болжауынша, Қазақстан Рио Олимпиадасында 2 алтын, 5 күміс, 7 қола медальмен жалпы есепте 29-орын алуы мүмкін.
«Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар арасынан боксшы Иван Дычко мен ауыр атлет Александр Зайчиков чемпион атанады», деп жазады зерттеу орталығы.
Ал, боксшы Данияр Елеусінов, палуан Алмат Кебіспаев, дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Жасұлан Қыдырбаев пен Нижат Рахимов Олимпиаданың күміс медалін алады, деп болжам жасаған.
«Infostrada» зерттеу орталығы жеті қоланы Зүлфия Чиншанло, Карина Горичева, Алмас Өтешов (ауыр атлетика), Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Жәнібек Әлімханұлы (бокс), жеңіл атлет Ольга Рыпакова сынды спортшыларға «берген».
Еске сала кетейік, алтын медаль алатын спортшылардың қатарына Илья Ильин енгізілмеген.
2012 жылы Лондон Олимпиадасында Қазақстан Ұлттық құрамасы жеті алтынмен жалпы есепте 12-орынды иеленген еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45