Бүгін «Kazsport» жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді
Норвегияның Лиллехаммер қаласында 12-21 ақпан аралығында жасөспірімдер арасындағы II қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Ойындарға 16 спорт түрінен 70 медаль сарапқа салынады. Сондай-ақ, дүниежүзінің 70 мемлекетінен келетін 1100-ге жуық 15 пен 18 жас аралығындағы жас спортшылар қатысады.
Қысқы Олимпиадаға Қазақстан атынан спорттың 9 түрінен сынға түсетін 18 спортшы бақ сынайды.
Олар: биатлон (Арина Пантова, Евгения Красикова, Иван Дарьин, Берік Жанболатов), конькимен жүгіру (Анвар Мухамадеев, Мария Громова), мәнерлеп сырғанау (Элизабет Тұрсынбаева), шорт-трек (Еркебұлан Шамуханов, Анита Нагай), тау шаңғы спорты (Екатерина Карпова), шаңғы спорты (Иван Люфт, Анжелика Тарасова), тұғырдан шаңғымен секіру (Сергей Ткаченко), фристайл (ски-кросс) (Олжас Қайрат, Айжан Сапиянова) және шана спорты (Роман Ефремов, Денис Татьянинченко, Анастасия Богачева) түрлерінің өкілдері.
Мемлекеттік ту көтеруші болып шорт-трек спортшысы Еркебұлан Шамуханов сайланды. Ол Австрия елінде халықаралық конькишілер одағы (ISU) ұйымдастырған «Danabia 1 - Austrian Open& Styrian Open 2015» жарысының жүлдегері, Қазақстан біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы.
Еске сала кетейік, 2012 жылы Австрияның Инсбрук қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы I Қысқы Олимпиада ойындарында біздің спортшыларымыз 10 спорт түрінен қатысып, үш медальға (1 күміс, 2 қола) қол жеткізіп, жалпы есепте 23-ші орынға ие болған еді.
Айта кетейік, «Kazsport» телеарнасы ІІ қысқы Олимпиада ойындарынның ашылу салтанатын жұма, 12 ақпанда, сағат 00:00-де тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, күнделікті түрде шолу жүргізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45