Бразилиядағы дағдарыс 2016 жылғы Олимпиадаға кедергі келтірмейді
Саяси және экономикалық ахуал Рио-де-Жанейрода 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге әсер етпейді.
Бұл туралы Германияның «Kicker» басылымына сұхбат берген Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах мәлімдеді.
Желтоқсан айында «Fitch» халықаралық рейтинг агенттігі Бразилия рейтингісін «BB+» деңгейінен «BBB-» деңгейіне түсірген. Бұл көрсеткіш бойынша болжам «негативті» болып белгіленген.
«Бразилияда қазір жағдай қиын, ондағы саяси және экономикалық ахуал бізге белгілі. Ел терең дағдарыс жағдайында. Алайда, құрылыс нысандары аяқталды, сондықтан біз Олимпиада ойындарына куә боламыз», деді Бах.
XXXI жазғы Олимпиада 2016 жылғы тамыздың 5-нен 21-і аралығында өтеді.
Олимпиада ойындары Оңтүстік Америкада алғаш рет ұйымдастырылуда.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45