Вячеслав Шапран волейболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
Бұл туралы Қазақстан волейбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қыздар арасындағы Ұлттық құрамаға бас бапкер болып Вячеслав Шапран тағайындалды. Ол бұған дейін де бір рет Ұлттық құрама бас бапкері болған.
Биыл волйболшыларымызды алда ірі және жауапты бәсекелер күтіп тұр. Мамыр айында Ұлттық құрама волейболшылары Жапонияда өтетін Рио Олимпиадасына іріктеу турниріне қатысады.
Маусым айында алматыда өтетін «Төрттік финал» турниріне қатысса, қыркүйекте Азия біріншілігінде сынға түседі.
Сондай-ақ, қыздар арасындағы Қазақстан Ұлттық құрамасы 2018 жылы өтетін Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде өнер көрсетеді.
Вячеслав Шапран қазірден бастап қызметіне кірісіп кетті делінген хабарламада.
Біздің анықтама:
Вячеслав Шапран 1948 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1966-1970 жылдар аралығында Қазақстан Дене шынықтыру және спорт институтында оқыған.
Алматылық «Буревестнике» волейбол клубы сапында ойнап, 1969 жылы КСРО чемпионы болған.
1970 және 1971 жылдары Еуропа Кубогының жеңімпазы атанған.
2011 және 2015 жылдары талдықорғандық «Жетісу» клубында бапкерлік қызмет атқарған.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45