Ұлттық Олимпиада комитеті жыл үздіктерін марапаттады
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті «Жылдың спорттық сыйлығы» атты салтанаттық марапатттау шарасын өткізді.
«Жылдың спорттық сыйлығы» қазақстандық спортшылар, бапкерлер, спорт функционерлері 2015 жылы жеткен жетістіктерін атап өту үшін және спортты, Олимпиадалық қозғалысты, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Ұлттық Олимпиалық комитеті 11 номинация тағайындады.
«Жыл жаңалығы» - УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алған «Астана» футбол клубы.
«Жыл үміті» - Бүкіләлемдік Универсиаданың чемпионы, жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері Нұрсұлтан Мамаев.
«Жылдың үздік спортшысы» - дзюдодан Әлем чемпионы Елдос Сметов.
«Үздік спорт клуб» - Бүкіләлемдік Бокс сериясының жеңімпазы атанған «Астана арландары» кәсіби бокс спорт клубы.
«Жеңіске ынтасы үшін» - нысана көздеуден Әлем Кубогының жеңімпазы Юрий Юрков.
«Жыл нәтижесі» - шаңғы спортынан Бүкіләлемдік Универсиаданың екі дүркін чемпионы, екі дүркін күміс жүлдегері Анастасия Слонова.
«Жігері үшін» - жүзуден бүкіләлемдік IWAS ойындарының чемпионы Зульфия Габидуллина.
«Жыл командасы» - жоғары дивизионға жолдама жеңіп алған шайбалы хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы.
«Жыл жетістігі» - жеңіл атлетикадан Бүкіләлемдік Универсиаданың үш дүркін чемпионы.
«Үздік спорт менеджері» - «Астана арландары» кәсіби бокс спорт клубының бас директоры Серік Сәпиев.
«Үздік спорт федерациясы» - ҚР ауыр атлетика федерациясы.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45