Денис Тен Астанада қолтаңба-сессиясын өткізеді
Бүгін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен журналистермен және жанкүйерлерімен кездеседі.
Бүгін сағат 12:00-де Астанадағы «ASTANA MALL» ойын-сауық кешенінде Денис Теннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Сонымен қатар, спортшымен бірге фото және қолтаңба-сессияларын өткізу жоспарланған.
Спортшы биылғы жылды табысты аяқтады. Қараша айында Германияда өткен «NRW Trophy» турнирінде екінші орын алса, желтоқсан айының басында Хорватиядағы «Golden Spin» турнирінің бас жүлдесін иеленді.
Баспасөз мәслихатында Денис Тен 2015 жылдың қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөліспек.
Айта кетейік, Денис Тен жекелей дәрежеде конькимен мәнерлеп сырғанаушы. ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2013 жылғы мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпинатының күміс жүлдегері, 2015 жылдың төрт құрлықтың чемпионы, VII Азия ойындарының чемпионы және Қазақстан Республикасының үш мәрте чемпионы.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45