Басты Жаңалықтар «Kazsport» волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

«Kazsport» волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

«Kazsport» волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
21-26 желтоқсан аралығында Өскеменде Ұлттық лигада сынға түсетін әйелдер арасындағы волейболдан Қазақстан чемпионатының 3-ші тур ойындары өтеді. Әзірге 2 турдың қорытындысы бойынша чемпионатта 22 ұпаймен «Астана» клубы көш бастап тұр. 2-ші орында 19 ұпай жинаған павлодарлық «Иртыш-Казхром» командасы келеді. Ал, үздік үштікті өткен маусымның чемпионы талдықорғандық «Жетісу» клубы түйіндеп тұр (18 ұпай). Сонымен қатар, чемпионаттың 4-ші сатысында 15 ұпаймен «Алматы», 5-ші орында өскемендік «Алтай» келеді. Ал, 5 ұпай иеленген «Қарағанды» біріншілікті түйіндеп тұр. Ойындар 21-26 желтоқсан аралығында Өскемендегі жекпе-жек сарайында өтеді. Турдың барлық матчтарын «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. ТРАНСЛЯЦИЯ КЕСТЕСІ: 21 желтоқсан 13:50. «АСТАНА» - «ҚАРАҒАНДЫ» 15:50. «ЖЕТІСУ» - «АЛМАТЫ» 17:50. «ИРТЫШ-КАЗХРОМ» - «АЛТАЙ» 22 желтоқсан 10:50. «ҚАРАҒАНДЫ» - «АЛМАТЫ» 12:50. «АСТАНА» - «ИРТЫШ-КАЗХРОМ» 15:00. «АЛТАЙ» - «ЖЕТІСУ» 23 желтоқсан 13:50. «ИРТЫШ-КАЗХРОМ» - «ҚАРАҒАНДЫ» 15:50. «ЖЕТІСУ» - «АСТАНА» 18:00. «АЛМАТЫ» - «АЛТАЙ» 25 желтоқсан 13:50. «АСТАНА» - «АЛМАТЫ» 16:00. «ИРТЫШ-КАЗХРОМ» - «ЖЕТІСУ» 18:05. «ҚАРАҒАНДЫ» - «АЛТАЙ» 23 желтоқсан 10:50. «ЖЕТІСУ» - «ҚАРАҒАНДЫ» 12:50. «АЛМАТЫ» - «ИРТЫШ-КАЗХРОМ» 14:55. «АЛТАЙ» - «АСТАНА»
Бөлісу