Басты Жаңалықтар Ардақ Назаров: Жекпе-жекті елде өткізу екі есе жауапкершілік жүктейді

Ардақ Назаров: Жекпе-жекті елде өткізу екі есе жауапкершілік жүктейді

Ардақ Назаров: Жекпе-жекті елде өткізу екі есе жауапкершілік жүктейді
ҚР Еңбек сіңірген спортшысы, ережесіз жекпе-жектен үш дүркін Әлем чемпионы Ардақ Назаров бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Бейбіт Назаров жуырда кезекті жекпе-жегін өткізбек. Осы турасында Ардақ Назаров: «4 қазанда Астанада әлемдік дода өтеді. Әлемнің 15-ке тарта елінен спорт майталмандары келеді. Жарыста екі алтын белбеу сарапқа салынады. Ал, басты жекпе-жекте 70 келі салмақ дәрежесіндегі Бейбіт Назаров. Алтын белбеуін екінші мәрте қорғайтын болады»,-дейді. «Ақпарат таратуға әлемнің танымал телеарналары келмек. Яғни, төрткүл әлем Астана көріндегі додаға көз тігеді деген сөз. Қазақ елінің намысын 5 спортшы қорғайды. Бейбіт Назаров, Қазыбек Әшімов, Нұрберген Шәріп, Руслан Хамза және Нұржан Тұтқа. Жігіттердің бабы жақсы. Арнайы мамандар жұмыс істеуде. 4-5 бапкер, арнайы диетологтар мен дәрігерлер бар». «Жекпе-жекті елде өткізу екі есе жауапкершілік жүктейді. Миллиондаған жанкүйер тақымын қысып отырады. Біздің спортшылар жеңісті қолдан бермес үшін бар күштерін салады». Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
Бөлісу