Бахрейндік Алазин Тарек – су спорты түрлерінен 16-шы Әлем чемпионатының ең жас қатысушысы
Алазин Тарек FINA-ның су спорты түрлерінен Қазанда (Татарстан, Ресей) өтіп жатқан 16-шы Әлем чемпионатының рекордын орнатты. Себебі Бахрейн құрамасының спортшысы жарыстың ең жас қатысушысы. Ол небәрі 10 жаста. Назарларыңызға Алазиннің ұйымдастырушыларға берген сұхбатын ұсынамыз.
– Алазин, Сіз 2015 жылғы Әлем чемпионатының ең жас қатысушысы екеніңізді білесіз бе?
– Иә, бұл керемет.
– Сіз осындай жаста Әлем чемпионатына қалай іріктелдіңіз?
– Мен Бахрейн құрамасының ең жылдам жүзушісімін (күледі).
– ???
–Іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өттім. Онда жасы үлкен қыздар болды. Әрине. Алайда, мен іріктеу сайыстарына қатысу үшін өз жасымдағы қарсыластырымды ұттым.
– 2015 жылғы ӘЧ-на қандай жоспарыңыз ба?
– Ең бастысы осындай жоғары деңгейдегі жарыстан тәжірибе жинау. Олимпиада чемпиондарының техникасын зерттеп, өзіме керегін алу.
– Қай сайыстарға қатысасыз?
– Мен 50 метр қашықтықтағы баттерфляй мен еркін стильде сынға түсемін.
– Сіз отаныңызда қалай жаттығасыз?
– Біз Бахрейнде жүзумен аптасына 5 рет айналысамыз: таңертең және кешке.
– Осындай қиын жаттығулар сабаққа әсер етпей ме?
– Әзірге ештеңе кедергі келтірмейді. Сабақ оқу да, жүзумен айналысу да маған өте ұнайды. Мектептегі жақсы көретін пәнім – метематика.
– Алазин, жауабыңыздан көрініп тұрғандай сіз өте батылсыз. Ата-анаңыз кім?
– Менің анам – мұғалім. Әкем бұрын кәсіби жүзуші болған. Бізді спортшылар династиясымыз. Себебі менің кіші сіңілім де жүзумен айналысады.
Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы Қазанда өтіп жатқан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетуде.
Фото: kazan2015.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45