Қазақстандық армия құрамасы ТМД елдері арасындағы жарыста 26 медальмен көш бастауда
Мәскеуде өтіп жатқан ТМД елдерінің армиялары арасындағы Алғашқы әскери-спорт ойындарының бірінші күнінде қазақстандық армия құрамасының қоржыны 26 медальмен толықты. Олардың 4-і - алтын, 9-ы - күміс және 13-і қола.
Жарыста біздің топ құрамын жүзуден халықаралық сыныптағы спорт шебері, кіші сержант Александр Тарабин жоғары жетістікке жеткізді. Ол 50 және 100 метр аралықта арқамен жүзуден екі алтын медальді жеңіп алды, деп жазады ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
Сондай-ақ, аталған спорт түрінен Михаил Никульшин, Георгий Парашютов, Евгений Азарьев және Андрей Зубаков сынды спортшылар 5 күміс және 5 қола медаль иеленді.
Әлемнің 11 дүркін чемпионы кіші сержант Виталий Диденко 95 келі салмаққа дейінгі санатта кір спортынан алтын медаль тақты.
Топ құрамына тағы да бір алтын медаль сыйлаған - 60 келі салмақтағы дзюдошы, қатардағы жауынгер Гусман Қырғызбаев. Ал, Мейіржан Қалтаев, Талғат Әміренов, Әшімхан Қажы, Қажымұқан Өтеулиев және Асан Мәмбетқұлов екі күміс және үш қола жүлдені иеленді.
Осылайша, қазақстандық армия құрамасы көш бастап тұр.
Естеріңізге сала кетсек, ТМД елдерінің армиялары арасындағы Алғашқы әскери-спорт ойындарына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь Руспубликасы және Армения армияларының командалары бақ сынасуда. Бұл бәсекеде ел намысын ҚР ҚМ Армияның орталық спорт клубының спортшылары қорғауда.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыСемсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39
Полина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00