Ұлыбританиялық «Daily Mail» басылымы «KAZsport» телеарнасы туралы мақала жариялады
Қазақстандық «KAZsport» телеарнасының Ұлыбританияда (Лондонда) арнайы тілшісі бар. Отандық спорт телеарнасының журналисі Зарина Сейфуллина қазақстандық көрерменге ағылшын футболы туралы жылдам, сапалы әрі ерекше материалдар ұсынады.
Жуырда Ұлыбританияның танымал «Daily Mail» басылымы Англия Премьер Лигасының ойындарын қазақстандық жанкүйерлердің қалай тамашалайтыны туралы мақала жазған.
«Англия чемпионатының 23-ші турындағы «Челси» мен «Манчестер Сити» клубтары арасындағы басты ойын Премьер Лиганың шетелдік хабартаратушылардың (көрсетілімнің құқық иелері) саны бойынша рекорд орнатты. Бұл ойынды әлемнің 24 компаниясы (телеарнасы) көрсеткен. Бұған дейінгі рекорд 2012 жылы тіркелген. Ол кезде «Манчестер Сити» мен «Манчестер Юнайтед» клубтары арасындағы ойынды 19 әртүрлі хабартаратушы көрсеткен.
Өткен сенбі күні 24 компания арасында қазақстандық «KAZsport» телеарнасы да бар. «Біз ойындарды тек көрсетіп қана қоймай, барлық оқиғалардың ортасында болып, көрерменге матч кезіндегі көңіл-күйді беруге тырысамыз», - дейді «KAZsport» телеарнасының Ұлыбританиядағы арнайы тілшісі Зарина Сейфуллина.
Англия Премьер Лигасы – футбол әлемінде ең бірегей әрі қызықты додалардың бірі. Қазақстанда да өте танымал. Біздің елде «Челси», «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Ливерпуль» және басқа да ағылшын клубтарының жанкүйерлері көп. Сол көрермендердің қалауы қабыл болып, қазіргі уақытта қазақстандықтар Англия Премьер Лигасын отандық телеарнадан көре алады, - деп келтіреді «KAZsport» тілшісінің сөзін «Daily Mail».
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті
29.09.2026, 18:00
Кристина Овчинникова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
29.09.2026, 17:00
Ауыр атлеттер Азия ойындарын 3 күміс медальмен қорытындылады
29.09.2026, 16:00
Аделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00