Элизабет Тұрсынбаева «Merano Cup» халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Италияда мәнерлеп сырғанаудан өткен «Merano Cup» халықаралық турнирінде Элизабет Тұрсынбаева бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған турнир 1997 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Өткен жылы бұл бәсекеге Қазақстаннан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қатысқан болатын. Биыл қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева жастар арасында өнер көрсетіп, биылғы жылдың алтын медалін еншіледі. Күміс жүлдені Франция cпортшысы иеленсе, қола жүлде неміс қызына бұйырды. Аталмыш додаға 9 елден 24 спортшы бақ сынады.
Енді Элизабет келесі жылдың желтоқсан айының басында Будапешт қаласында өтетін халықаралық турнирге және 20-21 желтоқсанда Қызылорда қаласында алғаш ұйымдастырылатын ҚР чемпионатына қатысады.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Элизабет Жапонияда және Германияда өткен жастар Гран-при жарыстарының күміс және қола жүлдесін олжалаған болатын.
Фото: Байтақ Тұрсынбаевтың Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті
29.09.2026, 18:00
Кристина Овчинникова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
29.09.2026, 17:00
Ауыр атлеттер Азия ойындарын 3 күміс медальмен қорытындылады
29.09.2026, 16:00
Аделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00