Қазақстандық спортшылар панкратионнан үш алтын медаль жеңіп алды
Олар Венгрия мен Түркияда өткен байрақты бәсекеге қатысты.
24-26 қазан аралағында Венгрияда 18 жастан жоғары спортшылар арасында панкратионнан Әлем чемпионаты өтті. Бұл жарыста ақтөбелік Гойти Дозаев алтын медаль иеленді.
Игілік Серкебаев пен Мұхамбет Жалғас күміс жүлдегер атанды. Ал, Сергей Морозов пен Орынбай Раймбек қола жүлдені еншіледі.
Ақтөбелік спортшылар Түркияда өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында да көзге түсті. Бұл бәсекеге 18-19 жастағы спортшылар қатысты.
Екі алтын медальді Әсел Афганова мен Інжіл Еркінбек иеленді. Күміс жүлде Нұрбек Қабдырахмановқа бұйырды. Нұржан Сатжанов пен Жандос Дамешов қоланы қанағат тұтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 09:35
Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті
29.09.2026, 18:00
Кристина Овчинникова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
29.09.2026, 17:00
Ауыр атлеттер Азия ойындарын 3 күміс медальмен қорытындылады
29.09.2026, 16:00
Аделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30