Басты Жаңалықтар 2 кезең. Сан-Луис - Сан-Рафаэль

2 кезең. Сан-Луис - Сан-Рафаэль

2 кезең. Сан-Луис - Сан-Рафаэль
Жарыстың екінші күні «Astana Motorsports» командасы үшін қиынға соқты. Ұзындығы 800 шақырымдай болатын кезеңде құм төбе мен тасты жол да кезікті. Денис Березовский мен Игнат Фальков экипажы 71-ші орынан 62-ші орынға көтерілді. Екінші кезең бойынша турнир кестесінде 24 орында тұрған Айдын Рақымбаев пен Владимир Демьяненко экипажы қиындыққа тап болды. Олардың көлігі мәреге 56 шақырым қалғанда аударылып, 26 минут уақытын жоғалтты. Арнайы белгіленген жолдың 310-шы шақырымында «Astana Motorsports» командасының 368-ші экипажының көлігі отқа оранып, жарыстан шығып қалды. Бауыржан Исабаев пен Ғабдолла Әшімов тесілген дөңгелекті ауыстырды. Ереже бойынша жарамсыз дөңгелекті жарыс алаңында қалдыруға болмайды. Ыстық желден дөңгелек тұтану арқылы көлік өртеніп кетті. Спортшылар зардап шеккен жоқ. «Дакар-2012» додасының қола жүлдегері Артур Ардавичус мінген «Tatra» жүк көлігі жалпы есепте 23-ші орында тұр. Штурман Алексей Никижев пен механик Радим Капланек экипажы жолда кездескен қиындықтарға қарамастан алға жылжыды.
Бөлісу