Таразда ардагерлер арасында волейболдан халықаралық турнир өтті
31 қазан мен 2 қараша аралығында «Тараз-Арена» спорт кешенінде Жамбыл облысының 75 жылдық мерейтойы аясында облыс әкімінің Кубогы үшін ардагерлер арасында турнир өтті.
Жарысқа 12 команда 120-дан аса спортшы қатысты. Олар: Өзбекстаннан «Ташкент», Қырғыз Республикасынан «Бішкек», Алматы қаласынан «ҚазНАУ», «Еуразия Университеті», Шымкент қаласынан «Динамо», «Шымкент су», Талдықорған қаласынан «Жетісу», Ресейден «Байқоңыр», Қызылорда қаласынан «Қызылорда», Жамбыл облысынан «Ардагер» құрама командасы, Тараздық «Тараз қанаты» мен «Ардагер» командалары.
Жарысты Жамбыл облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Мұндағы негізгі мақсат – ҚР ардагерлер арасында волейболды кеңінен тарату, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, ТМД елдерінің ардагер командалары арасында достықты нығайту, өскелең ұрпақты патриоттық сезімге және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Тараз қаласының «Ардагер» командасы І орын мен 1 000 000 теңгені, ІІ орынды иеленген Алматы қаласының «Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті» 500 000 теңге және ІІІ орынға табан тіреген Алматы облысының «Жетісу» командасы 300 000 теңгені иеленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 09:35
Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті
29.09.2026, 18:00
Кристина Овчинникова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
29.09.2026, 17:00
Ауыр атлеттер Азия ойындарын 3 күміс медальмен қорытындылады
29.09.2026, 16:00
Аделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30