Басты Жаңалықтар «Жетісу» волейболшылары Қазақстан Кубогын жеңіп алды

«Жетісу» волейболшылары Қазақстан Кубогын жеңіп алды

«Жетісу» волейболшылары Қазақстан Кубогын жеңіп алды

Павлодарда волейболдан әйелдер арасында өткен Қазақстан Кубогында талдықорғандық «Жетісу» командасы жеңімпаз атанды.

Жүлдеге бірнеше команда таласып, ақырында «Ертіс-Қазхром» шешуші сында  астаналық волейболшыларға жол беріп қойып, үшінші орынды місе тұтса,  «Астана» екінші орынды иеленді. Ал, кубокты жетісулық арулар иемденді, деп хабарлайды sk-sport.kz.

«Біз өте қуаныштымыз. Біз бұл Кубокты қатты жеңіп алғымыз келді және кезекті рет өзіміздің көшбасшы екенімізді көрсеттік. Чемпионат бұрынғыдан да қызықты өтті, бұған кешегі өткен  «Ертіс-Қазхром» мен «Астана» кездесуі дәлел, ойын нәтижесі бұлай болады деп ешкім ойламаса керек, дегенмен қыздар үшін қуаныштымыз. Павлодар мен Астана волейболшылары чемпионатта әлі талай бәсекелестік көрсетеді», - дейді команда капитаны Татьяна Пюрова.

Еске сала кетейік, биыл  талдықорғандық волейболшылар алтыншы рет Қазақстан чемпионы атағын иеленген болатын.

Бөлісу