Көркем гимнастика. «Жұлдыз-2014» ІІІ халықаралық кубогы
16-17-қазан аралығында Астана қаласында көркем гимнастикадан «Жұлдыз-2014» ІІІ халықаралық кубогы өтеді. Бұл жарыс алғаш рет 2012 жылдың маусымында өткізілген еді. Сол кезде 8 елден 400-ге жуық спортшы қатысқан.
Осыдан кейін оны жыл сайын өткізіп тұру дәстүрге айналды.
Бұл жолы турнир күзде өткізілуде, себебі спортшылардың әлемдік күнтізбесі тығыз. Соған қарамастан, турнирге қатысу үшін 9 елден және Қазақстанның барлық республикалық мектебінен қатысуға өтініш білдірген.
Турнирге 450-ге жуық спортшы қатысады. Медаль үшін 1996 және 2009 жылы туған жас спортшылар таласады.
Бұл жарыс жыл сайын қарқынды дамып келеді. Ол тек Қазақстанда ғана емес, әлемде де таныла басталды. Бұл турнирдің бас төрешісі 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазіргі таңда халықаралық дәрежедегі төреші, беларустық Любовь Черкашина болады. Сонымен қатар, Әлем және Еуропа чемпионаттарына қатысушы, болгариялық Сильвия Митева өз өнерін көрсетеді.
Жарыс Астана қаласының «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Кіру – тегін.
Айта кетейік, көркем гимнастикадан «Жұлдыз-2014» ІІІ халықаралық кубогын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМахмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00
Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 09:35
Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті
29.09.2026, 18:00
Кристина Овчинникова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
29.09.2026, 17:00
Ауыр атлеттер Азия ойындарын 3 күміс медальмен қорытындылады
29.09.2026, 16:00