Шавкат Рахмонов M-1 Challenge турниріне қатысады
2013 жылғы аралас жекпе-жектен Әлем чемпионы қазақстандық Шавкат Рахмонов «M-1 Challenge 52» турнирінде сынға түседі. Оның қарсыласы да өте жас әрі мықты спортшы – Адам Цуров (Ингушетия Республикасы).
Қазақстандық жас талант аралас жекпе-жекте кәсіпқой шаршы алаңда алғашқы кездесуін өткізеді. Алайда, ол 19 жасына дейін Қазақстан чемпионы, 2013 жылы Санкт-Петербургте өткен MMA Әлем чемпионатының жеңімпазы атанып үлгерді. Биыл да Минскте өткен Әлем чемпионатына қатысып, финалға дейін жетті. Алайда, финалда ресейлік Гаджимурад Хирамагомедовқа есе жіберді.
Ұзын бойлы, әмбебап техника мен керемет тактика көрсететін Шавкат кәсіби алаңда да жоғары нәтиже көрсетуге тырысады. Ал, оның қарсыласы Адам Цуров кикбоксингтен Ингушетия Республикасының үш дүркін чемпионы, бокстан Республиканың екі дүркін чемпионы және еркін күрестен Ингушетияның чемпионы. Ол кәсіби MMA шаршы алаңында екі кездесу өткізген. Сонымен қатар, «M-1 Challenge 50» турнирінде алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, Станислав Роговты ұтқан.
Турнирге қатысушылар тізімі:
Жартылай жеңіл салмақтағы M-1 Challenge чемпионы атағы үшін жекпе-жек: Иван Бухингер (MMA Spirit), 27-4 - Турал Рагимов (Mamishev Team), 9-1
(77 келіге дейін) Даниэль Табера (Испания), 18-5 - Мурад Абдулаев (Fighting Eagle), 11-1
(70,3 келіге дейін) Артем Дамковский (Академия MMA), 17-9 - Башир Гагиев (Ингушетия Республикасы), 5-2
(65,8 келіге дейін) Макс Кога (MMA Spirit), 9-3 - Магомед Идрисов (Горец), 5-0
(84 келіге дейін) Бартош Хырек (Польша), 4-0 - Магомед Мутаев (Горец), 4-2
(77 келіге дейін) Шавкат Рахмонов (Қазақстан) - Адам Цуров (Ингушетия Республикасы), 2-0
mixfight.ru
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМахмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00
Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 09:35
Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті
29.09.2026, 18:00
Кристина Овчинникова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
29.09.2026, 17:00
Ауыр атлеттер Азия ойындарын 3 күміс медальмен қорытындылады
29.09.2026, 16:00