Бадминтон Токиодағы 2020 жылғы Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енді
Халықаралық Паралимпиада комитетінің (ХПК) басқарушылар кеңесі бадминтонды Токиодағы 2020 жылғы ойындарының бағдарламасына енгізді. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.
Cонымен бірге бекітілген тізімге бочча, ат спорты, голбол, пауэрлифтинг, ескек, атыс, жеңіл атлетика, садақпен ату, отырып волейбол ойнау, жүзу, үстел теннисі және триатлон, баскетбол, регби және арбамен теннис ойнау кірді.
«Мақсатымыз - Токиодағы 2020 жылғы Паралимпиада ойындарының бағдарламасын жаңарту және үздік спорт түрлерін оған енгізу», - деді ХПК президенті Филип Крейвен.
2015 жылы 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Әбу-Дабиде өтетін ХПК басқарушылар кеңесінің келесі кездесуінде Ойын бағдарламасына спорттың тағы 8 түрі енгізілмек.
ҚазАқпарат
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМахмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00
Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 09:35
Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті
29.09.2026, 18:00
Кристина Овчинникова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
29.09.2026, 17:00
Ауыр атлеттер Азия ойындарын 3 күміс медальмен қорытындылады
29.09.2026, 16:00