Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдеге ие болды
Германияның Дрезден қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар Гран-при додасының алтыншы кезеңі аяқталды. Жарысқа 20 елден 28 спортшы қатысқан.
Қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева еркін бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, 164,79 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, Элизабет қыркүйек айында Жапонияда өткен Гран-при додасының төртінші кезеңінде 3-орынды иеленген болатын.
Енді Элизабет 14-19 қазанда Ниццада болатын халықаралық жарысқа қатысуды көздеп отыр.
Фото: Байтақ Тұрсынбаевтың Facebook әлеуметтік парақшасынан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00
Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 09:35
Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті
29.09.2026, 18:00