Өскеменде волейболдан Азамат Жақыповты еске алу турнирі өтті
Өскемен қаласында спортшы Азамат Жақыповты еске алу құрметіне арналған волейболдан облыстық турнир өткізілді.
Облыстық турнирге «Восток» волейбол клубы, Өскемен қаласының спорттық клубы, құрылысшылар мәдениет сарайының спорттық клубы, Семей қаласының командасы, «Восток – 2» волейбол клубының мүшелері, туыстарынан құралған команда қатысып, ойын алаңында үш күн бойы өзара бақ сынасты.
Нәтижесінде бірінші орынды «Восток» волейбол клубының ойыншылары жеңіп алды. Екінші орынды Өскемен қаласының спорттық клубы еншілесе, құрылысшылар мәдениет сарайының спорттық клубы үздік үштікті түйіндеді. Жарыс жеңімпаздарына арнайы кубок және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Атап айтсақ, «ең мықты шабуылшы» - «Восток» волейбол клубы командасының мүшесі Бақытжан Байтөреев, «ең мықты байланысшы» құрылысшылар мәдениет сарайы спорт клубының мүшесі Бақытжан Тебісов, «көрермендердің сүйікті ойыншысы» - Семей қаласы волейболшылар командасының мүшесі Амантай Байтолықов және спорт ардагері, Өскемен қаласының спорт клубының мүшесі Жұмаш Құсайынов атанды.
Фото: ulan.vko.gov.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов чемпион атанды
10.04.2026, 11:50
Бокс: Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері
10.04.2026, 11:25
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы
10.04.2026, 11:00
Гүлмарал Еркебаева әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
09.04.2026, 19:25
Дина Исламбекова бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 13:00
Надежда Рябец бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 12:40
Бақыт Сейдіш бокстан Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды
09.04.2026, 12:08
Ислам Евлоев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
08.04.2026, 19:19