17 жастағы жапон қызы трамплиннен шаңғымен секіруден Әлем Кубогының жеңімпазы атанды
17 жастағы жапон қызы Сара Таканаши Алматыда трамплиннен шаңғымен секіру бойынша өтіп жатқан Әлем Кубогының кезекті жазғы кезеңін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әйелдер арасында өткен жарыста екінші орынды Ирина Аввакумова, ал Юки Ито үшінші орынды иеленді.
Ал Сара Таканаши екі раундта да соңынан секіріп, үздік нәтижеге қол жеткізді. Нәтижесінде 238.2 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Екінші орын алған алған ресейлік Ирина Аввакумованың көрсеткіші - 206.3. Ал үшінші орынға ие болған жапондық Юки Ито - 203.1 ұпай жинады.
«Бірініші секіргенім өте сәтті шықты. Екінші серияларда аздаған қателіктер болды. Жалпы айтарым, әйелдер үшін Жазғы Гран-придің тек екі кезеңнен ғана тұратыны өкінішті-ақ. Өйткені, әлемнің басқа да спортшыларымен жарысқан сайын, шеберлігіңді шыңдай түсесің», - деді С. Таканаши.
Естеріңізге сала кетелік, Алматыда кешеден бері «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінде әйелдер және ерлер арасында трамплиннен шаңғымен секіру бойынша «Grand Prix» Әлем кубогының Жазғы кезеңінің финалдық сериясы өтіп жатыр.
Оған әлемнің 12 елінен 70 астам спортшы қатысуда. Бүгін - жарыстың соңғы күні.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов чемпион атанды
10.04.2026, 11:50
Бокс: Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері
10.04.2026, 11:25
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы
10.04.2026, 11:00
Гүлмарал Еркебаева әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
09.04.2026, 19:25
Дина Исламбекова бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 13:00
Надежда Рябец бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 12:40
Бақыт Сейдіш бокстан Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды
09.04.2026, 12:08
Ислам Евлоев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
08.04.2026, 19:19