«Гольф бұқаралық спорт түріне айналу керек» - А. Есімов
Бүгін Алматыда «Жайлау» гольф-шипажайында елімізде осымен 10-шы рет Халықаралық «Kazakhstan Open - 2014» гольф-турнирі ашылды. Турнирдің ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысты.
Алматы қаласының әкімі гольфты бұқаралық спорт түріне айналдыру керектігі күн тәртібіндегі мәселе екендігін жеткізді.
«Бұрын әйелдер гольфты белдемше киіп ойнайтын, ал ер азаматтар костюм, галстук киіп алатын. Ал қазір гольф - Олимпиаданың бағдарламасына енген спорт түрі. Сондықтан, бұл ойынды мектептерге енгізу керек деп санаймын. Балалар гольфты баскетбол, волейбол, футбол секілді спорт түрлерімен қатар меңгерулері тиіс. Бұл үшін тиісті жағдай жасау қажет» - деп сөзін түйіндеді Ахметжан Есімов.
19-шы қыркүйекте Халықаралық турнирдің алғашқы күні басталады. Оған Еуропалық Челлендж турдың рейтингі бойынша Еуропа елдерінен үздік деген 120 спортшы қатысады.
Ал бүгін негізгі жарыстың алдында дәстүр бойынша Pro-Am (шеберлік сыныбы) командалық турнирі өткізілді. Оған барлығы 27 команда қатысты.
Әрбір командада бір кәсіпқой және үш әуесқой гольфшыдан болды. Сәйкесінше, 27 кәсіпқой және 81 әуесқой спортшы бақ сынасты.
Фото: inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00