Инчхон-2014. Азия ойындары туралы мәліметтер
2014 жылдың 19-шы қыркүйек және 4-ші қазан күндері Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында XVII жазғы Азия ойындарына құрлықтың 45 елінен келген спортшылар, спорттың 36 түрі бойынша 439 медаль топтамасы үшін бақ сынайды.
«Азия ойындары – 2014» нышаны ретінде ағалы-қарындас Вичион (үміт және жарық рәмізі), Бараме (жылы хабар және самал рәмізі) сондай-ақ, Чумуро (көңілді, би рәмізі) таңдалып алынған. Олар Инчхон қаласындағы Бекрион аралында өмір сүретін су жануарлары.
«Азия ойындары – 2014» медальдарының ішінде бейнеленген бесбұрыш Инчхон қаласының бес портының рәмізін білдіреді.
«Азия ойындары – 2014» алауы Инчхон қаласының рәмізі іспеттес тырнаға ұқсатып жасалған. Алауда ұшуға ұмтылып тұрған тырна бейнеленген.
Алаудың екі цилиндрі Инчхон қаласының ашық аспаны және мұхиттың көк суының түсіне қарай, арнайы жасалған. Сондай-ақ, цилиндр жасыл, сары, қызыл түсте бейнеленіп, Азияның бес бөлігінің рәмізі секілді жасалған.
19-шы қыркүйек күні Азия ойындарының ашылу салтанаты «Азияның жарқын келешегін қарсы алыңыз» атты ұранымен өтеді. Ал, 4-ші қазан күнгі жабылу салтанатының ұраны «Инчхондағы ғажайып естеліктеріміз» деп аталған.
Инчхон қаласы туралы мәлімет.
Инчхон – Оңтүстік Кореяның дамыған қалаларының бірі. Халқы 2,9 миллион. Инчхон қаласы халық саны бойынша Сеул және Пусан қалаларынан кейінгі үшінші орында тұрады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00