Инчхон – 2014. Азия ойындарында ел намысын 420 спортшы қорғайды
19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында Азия ойындары өтеді. Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, додаға 45 елден 13 мың спортшы қатыспақ.
Олимпиадалық спорттың 41 түрінен және олимпиадалық емес спорттың 9 түрінен 439 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстандық спортшыларға жүктелген міндет – жалпыкомандалық есепте төртінші орын алу.
Ұлттық құрама Азия ойындарында спорттың 11 түрінен қатыспайды. Олардың жетеуі елімізде таралмаған. Біздің спортшылардың толық қатыспауынан 120 медаль жиынтығы сарапқа салынатын жарыста сынға түсе алмайды.
Қазіргі уақытта 94 спортшы және жаттықтырушылармен кәсіби дайындық жөнінде келісімшарт жасалған.Олар Лондон Олимпиадасы мен соңғы екі жыл көлеміндегі жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар.
Төрт жыл бұрын Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарында спорттың 36 түрінен ел намысын 362 спортшы қорғады. Биылғы бәсекеге 1998-2010 жылдар аралығындағы 17 Азия чемпионы қатысады.
Инчхондағы Азия ойындарында Қазақстан Туын Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Әділбек Ниязымбетов ұстап шығады.
Жұма, 12 қыркүйек күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Бұл жиында Әділбек Ниязымбетовке Қазақстанның туы салтанатты түрде табыс етіледі.
Фото: © www.koogle.tv
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00