Қызылордалық спортшы Гиннесс рекордтар кітабына енді
Оразбек Медетбаев 24 келі кір тасын 30 минутта 500 рет көтеріп, әлем рекордын жаңартты.
Беларусь елінің Витебск қаласында кір тасын көтеруден спорт шеберлерінің ІІ Дүниежүзілік Олимпиадасы өтті, деп хабарлайды Қазақпарат.
Бұл Олимпиадаға ел намысын қорғауға елімізден 12 спортшы аттанған болатын. Кір тасын көтеруден Қазақстан чемпионы, спорт шебері Оразбек Медетбаев осы байрақты бәсекеде топ жарды.
Оразбек Медетбаев 60 келі салмақ дәрежесінде 24 келі кір тасын 30 минутта 500 рет көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Сайыс қорытындындысында Оразбек Медетбаев Гиннес рекордтар кітабына еніп, арнайы сертификат және медальмен марапатталды. 3 жылда бір өтетін Олимпиаданың соңғы тіркелген рекордында 24 келі гір тасы 420 рет көтерілген екен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов чемпион атанды
10.04.2026, 11:50
Бокс: Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері
10.04.2026, 11:25
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы
10.04.2026, 11:00
Гүлмарал Еркебаева әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
09.04.2026, 19:25
Дина Исламбекова бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 13:00
Надежда Рябец бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 12:40
Бақыт Сейдіш бокстан Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды
09.04.2026, 12:08
Ислам Евлоев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
08.04.2026, 19:19