Ақтауда street workout чемпионаты өтті
Ақтау жағалауында қалалық street workout чемпионаты өтті. Шара Спорт күніне орай ұйымдастырылды. Жарысқа әр түрлі жастағы спортшылармен қатар, физикалық дайындығы жақсы қала тұрғындары да қатысты. Қатысушылардың ең жасы 11-де.
Спортшылар турникте түрлі жаттығу жасау үшін ересектері арқаларына жас спортшыларды отырғызуына тура келді. Алайда, олардың сөзінше, бойдың қысқалығы да, жастың кішілігі де жаттығуға еш кедергі емес.
Жарыс қорытындысы бойынша, «фристайл» аталымы бойынша (18 жасқа дейін) Александр Ивлев бірінші орын алса, екінші орын Рустам Алиевке бұйырды. Ал үшінші орынды Сергей Бровко иеленді.
Дәл осы аталым бойынша, 18 жастан үлкен спортшылар арасында бірінші орынды Сергей Гавриш еншіледі. Екінші орын Дамир Нәбиевке, үшінші орын Бауыржан Тұяқовқа бұйырды.
«Екі қолдың күшімен шығу» аталымында да Сергей Гавриш жеңімпаз атанды. Екінші орын Дамир Нәбиевте болса, үшінші орын Максим Корнеев еншісінде.
«24 келі салмақ салу арқылы тартылу» аталымында Дамир Нәбиев жеңіске жетті. Екінші орын Артем Гонтаренко, үшінші орын Максим Корнеевке бұйырды.
«32 келіде қырлы бөренеде тартылу» аталымында Игорь Маснев озық шықты. Екінші орынды Артем Гонтаренко алды, ал үшінші орынды Максим Корнеев иеленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов чемпион атанды
10.04.2026, 11:50
Бокс: Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері
10.04.2026, 11:25
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы
10.04.2026, 11:00
Гүлмарал Еркебаева әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
09.04.2026, 19:25
Дина Исламбекова бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 13:00
Надежда Рябец бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 12:40
Бақыт Сейдіш бокстан Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды
09.04.2026, 12:08
Ислам Евлоев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
08.04.2026, 19:19