Екінші Жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің туын боксшы Абылайхан Жүсіпов ұстайды
Бүгін Қытайдың Нанкин қаласында басталатын жасөспірімдер арасындағы Жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің туын боксшы Абылайхан Жүсіпов ұстап шығатын болды.
60 келіде жұдырықтасатын Абылайхан Жүсіпов сәуір айында Болгария астанасы Софияда өткен жастар арасындағы Әлем чемпионы атанған болатын
Жасөспірімдер арасындағы Жазғы Олимпиада 6-28 тамыз күндері Қытайдың Нанкин қаласында өтеді. ІІ Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 51 спортшы және 20 бапкер барады.
Нанкинде ел намысын қорғайтын спортшыларға 3 алтын, 3 күміс, 9 қола медаль жеңіп алу мақсаты қойылып отыр. Ал, Олимпиадада топ жарған әрбір спортшыға ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігі 15 мың АҚШ долларын тағайындап отыр. Екінші орын алған спортшы 10, ал үздік үштіктен көрінген спортшы 5 мың доллар алады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00