Қазақстандық таэквондошы Нартай Оразбаев Әлем чемпионатында күміс медаль алды
Қазақстандық таэквондошы Нартай Оразбаев (+ 65 келі) Әзірбайжанда аяқталған кадеттер арасындағы Әлем чемпионатында (24-27 шілде) күміс медаль олжалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Спорттық күрес пен күштік спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алғашқы жекпе-жегінде татами иесі Орхан Таги-Заданы жеңгеннен кейін (20:8), қазақстандыққа америкалық Ричард Чунг (20:4) пен өзбекстандық Исломджон Адхамов (21:9) шыдас бере алмады. Бірақ, финалдық кездесу сәтсіз болды. Оразбаевты сүріндірген ирандық Амирхуссейн Вогуи Азар (32:7) бұл жекпе-жекте жеңімпаз атанды», - делінген хабарламада.
Әлем чемпионаты (+ 65 келі). Қорытынды есеп:
1. Амирхуссейн Вогуи Азар (Иран)
2. Нартай Оразбаев (Қазақстан)
3. Исломджон Адхамов (Өзбекстан), Мұхаммед Ачикгоз (Түркия)
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00