Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының соңғы ойынында Словакиямен тең түсті
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы кездесуін өткізді. Астанада өткен матчта отандастарымыз Словакия құрамасымен 2:2 есебімен тең түсті.
Кездесудің 29-минутында Ислам Чесноков есеп ашты. Екінші таймның 56-минутында Роберт Боженик таразы басын теңестірді. Араға тоғыз минут салып, Ян Вороговский Қазақстан құрамасын қайтадан алға шығарды. Алайда ойынның қосымша уақытында Лукас Капралик есепті теңестіріп кетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңін үш ұпаймен аяқтады. Ұлттық құрама өз тобында төртінші орын алды.
Топтағы қорытынды турнирлік кесте:
1) Словакия – 12 ұпай
2) Фарер аралдары – 8 ұпай
3) Молдова – 7 ұпай
4) Қазақстан – 3 ұпай
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстан спортшылары жыл басынан бері 341 медаль жеңіп алды
20.11.2026, 17:44
Ауыр атлетикадан ел чемпионаты: төртінші күннің қорытындысы
20.11.2026, 11:10
Михаил Шайдоров Алексей Урмановпен жұмысын тоқтатты
19.11.2026, 16:08
Азия ойындарының жеңімпаздарына берілетін сыйақы 50 мың долларға дейін өсті
19.11.2026, 15:31
Қазақстанда алдағы екі жылда UFC турнирі өтуі мүмкін
19.11.2026, 14:59
Қазақстан әйелдер құрамасы шахматтан Азия ұлттары кубогының қола жүлдегері атанды
19.11.2026, 13:03
Ауыр атлетикадан 14 жастағы Маргарита Ермакова Қазақстан чемпионы атанды
19.11.2026, 10:21
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Ташкентте өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады
18.11.2026, 19:24