Астанада кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай командаларының жолдастық кездесуі өтеді
Астанада кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай командаларының жолдастық кездесуі өтеді, деп хабарлады ҚР Дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің баспасөз қызметі.
Жолдастық кездесулердің мақсаты - екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, спорттық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу. Жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануды, спортпен шұғылдануды насихаттау.
7 жекпе-жектен тұратын сайыста екі елдің ең үздік кикбоксшылары бақ сынайды. Додада ел намысын Әлем кубогының жеңімпазы Ерсайын Қасамбаев, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бабыр Артықбаев, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Шыңғысхан Тілемісов, Әлем кубогының қола жүлдегерлері Қанағат Нұрғалиев пен Артур Сауырбаев, Қазақстан чемпиондары Мерген Біләлов пен Асхат Жантұрсынов қорғайды.
Жарыс 26 шілде күні Астана қаласындағы «Дәулет» Ұлттық теннис орталығында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00