«KAZsport» телеарнасы 1 жылдығын атап өтті
Бүгін «KAZsport» телеарнасы 1 жылдығын атап өтті. Еліміздегі тұңғыш спорттық телеарнаны мерейтойымен құттықтауға АҚШ-тан Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Нелли Ким келді.
Мерекелік шарада аты аңызға айналған гимнастшы, Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Нелли Ким туралы түсірілген «Біздің Киманелли» деректі фильмі көрсетілді. Бұл - отандық телеарна тарихында түсірілген алғашқы өмірбаяндық фильм. Туындыда атақты спортшының өмірі мен спорттағы жетістіктері туралы толық баяндалады.
Сонымен қатар, отандық спорт телеарнасының туған күнімен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин және тағы да басқа танымал спортшылар құттықтады.
Тағы бір маңызды сәт – «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Айта кетейік, «Біздің Киманелли» деректі фильмін ертең «KAZsport» телеарнасынан сағат 19:05-те көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00