Басты Жаңалықтар Бессайысшылар халықаралық «Кремль Кубогы» турниріне қатысты

Бессайысшылар халықаралық «Кремль Кубогы» турниріне қатысты

Бессайысшылар халықаралық «Кремль Кубогы» турниріне қатысты

Мәскеуде бессайыстан дәстүрлі түрде өткізілетін халықаралық «Кремль Кубогы» турнирі болып өтті.

Ерлер арасында биылғы маусымдағы көшбасшылардың бірі саналатын ресейлік Александр Лесун жеңіске жетті.  Ал, қыздар арасында 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы литвалық Лаура Асадаускайте топ жарды.

Бұл сында кіл мықтылармен қатар, қазақстандық бессайысшылар да сынға түсті.  Азия чемпионы Павел Ильяшенко жарысты 18-орынмен аяқтады. Ал, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы бар Арина Жиенбаланова 11-орынға табан тіреді. 

Сонымен қатар, қазақстандық спортшылар биыл Бішкекте өтетін Орталық Азияның  ашық кубогына, Қапшағайда өтетін Амангелді Иманов  атындағы дәстүрі халықаралық  турнирге, Варшавада ұйымдастырылатын Әлем чемпионатына, Оңтүстік Кореяде өтетін Жазғы Азия Ойындарына және Бішкекте өткізілетін Юрий Хоришко Мемориалына қатысады. 

Бессайыстан ҚР құрамасын Вадим Чудновский (бас бапкер), Дмитрий Тюрин (ерлер құрамасының бапкері) және Валерий Кашельский (әйелдер құрамасының бапкері) жаттықтырады.

Бөлісу