Денис Тен қайырымдылық концертін өткізді
Жақында ғана Алматы мен Астана қалаларында әлем жұлдыздарының қатысуымен өткен «Олимпиада энергиясы» шоуынан түскен қаржы қатерлі ісікпен ауыратын 6 жастағы Жанбай Нұртасты емдеуге жұмсалады.
Бұл туралы бүгін Алматыда Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен айтты. Астанадағы шоуды тамашалауға 3,5 мың адам жиналыпты. Денис Тен «осындай шараны келер жылы да ұйымдастыру ойымда бар», дейді.
Ал, бүгіннен бастап, Алматыда Олимпиада чемпионы, Әлемнің 4 дүркін чемпионы Алексей Ягудин мен Әлем чемпионы, Еуропаның үш дүркін чемпионы Бриан Жубер шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізуде.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктеліп алынған 20 бала 5 күн бойы білікті мамандардан дәріс алады.
Ондағы мақсат - Қазақстандағы жас спортшылардың дамып-өсуіне үлес қосып, күрделі жаттығуларды үйрету.
Фото: vesti.kz
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00