Отандық эстрада жұлдыздары футболдан әлем біріншілігіне қатысуда
Әртістерден құралған Қазақстанның футбол құрамасы «Арт-футбол» фестивалі деп аталатын әлем біріншілігіне қатысуда, деп хабарлайды vesti.kz.
Қазақстандықтар алғашқы кездесуде Голландиялық әріптестеріне 1:2 есебімен есе жіберді. Отандық әртістердің сапынан Сұлтан Күнтуған көзге түсті. Бұл топтағы екінші ойында Ресей Эстонияны 2:0 есебімен ұтты. Қазақстан келесі ойынын Ресеймен өткізсе, Голландия мен Эстония кездеседі.
Айта кетейік, жарысқа әлемнің 16 елінің командасы қатысуда. Олар төрт топқа блөлінген. Ереже бойынша әр команда әртістерден бөлек, жасы 35-тен жоғары екі кәсіби футболшы мен белгілі бір спортшыны (футболшы) тіркеуге үмкіндігі бар.
Отандық эстрада жұлдыздарынан тұратын Қазақстан құрамасының тізімі:
Қақпашылар: Абдулкарим Каримов (әнші), Ақылбек Досжанов (продюсер);
Қорғаушылар: Ерлан Әлімов (әнші), Мэлс Сағатұлы (әнші), Абай Жансарбаев (әнші), Медет Кежекбаев (әнші), Жанай Ғаділбек (әнші), Қазбек Қожахметов (әнші), Кенжебек Жанәбілов (әнші), Арман Қонырбаев (әнші), Марат Есмұратов (бұрынғы футболшы);
Жартылай қорғаушылар: Батыр Байназаров (әнші), Сұлтан Күнтуған (әнші), Ғалымжан Арыстанбекұлы (продюсер), Аян Бірбаев (әнші), Жұбаныш Жексенұлы (әнші), Әділжан Омаров (әнші), Даурен Сейітжан (әнші), Дильен (әнші), Ильяс Харов (әнші);
Шабуылшылар: Мұкасан Шахзадаев (әнші), Рысбек Аташев (әнші), Сәкен Майғазиев (әнші), Мейрамбек Бесбаев (әнші).
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00