Басты Жаңалықтар Аралас жекпе-жектен Азияның ашық чемпионаты өтеді

Аралас жекпе-жектен Азияның ашық чемпионаты өтеді

Аралас жекпе-жектен Азияның ашық чемпионаты өтеді

Ертең, 24 мамыр Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында аралас жекпе-жектен Азияның ашық чемпионаты (MMA – Mixed Material Arts)  мен М-1 Challenge 48 турнирі өтеді.

Бүгін баспасөз мәслихатына ММА Дүниежүзілік қауымдастығының құрметті президенті Федор Емельяненко, ММА Дүниежүзілік қауымдастығының президенті Вадим Финкельштейн келді.

Сонымен қатар,  ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Сәрсен Кұранбек, ММА  мен джи-джитсу федерациясының президенті Анатолий Ким,  Джи-джитсу федерациясының құрметті президенті Ерлан Қарин, ММА  мен джи-джитсу федерациясы Бақылау кеңесінің төрағасы Айдар Махметов қатысты.

Шара барысында М-1 Challenge 48 турнирінде жекпе-жекке шығатын спортшылардың салмақ өлшеу рәсімі өтті.

 

Фото: Vesti.kz

Бөлісу