Денис Тен «Құрмет» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2014 жылы Сочи қаласында өткен ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тен «Құрмет» орденімен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, Сочиде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына түскен жалғыз қола медальді мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жеңіп алған еді. Ол еркін бағдарламада жоғары ұпайға ие болып, жарыс қорытындысы бойынша жапониялық Юдзуру Ханю мен канадалық Патрик Чанға ғана есе жіберді.
Кейін Алматы облысының әкімі спортшыға «Chevrolet Cruze» көлігінің кілтін табыс етті. Сонымен қатар, Денис Тен Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Жыл спортшысы» байқауында «Жеңіске ұмтылыс» аталымы бойынша үздік деп танылды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00