Михаэль Шумахер ұзақ уақыт комадан кейін есін жиды
Неміс автошабандозы Михаэль Шумахердің жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық жетті. Соңғы күндері оның денсаулығы айтарлықтай жақсара бастаған.
«Михаэльді үлкен жол күтіп тұр. Біз оған жан-жақтан қолдау білдіреміз және оның денсаулығының жақсаруын жылдамдатуға үміттенеміз», - деді Шумахердің менеджері Сабина Кем.
Bild басылымының жазуынша, бұған дейін жарияланған хабарларға қарамастан, спортшы денсаулығының жақсаруының белгілері қаңтардың аяғында байқалған.
«Михаэль әлсін-әлсін есін жинайды және қоршаған ортаны сезінеді. Әрине, бізді салмақты жұмыс күтіп тұр. Гренобль ауруханасының қызметкерлері Шумахердің қайтадан аяғына тұратынына сенімді», - деді спортшының өкілі.
«Михаэльдің жанкүйерлеріне қолдау білдіргені үшін ықыласымыз шексіз. Дегенмен Шумахердің қазіргі өмірі жөнінде толық мағлұматты жариялағымыз келмейді. Михаэльдің жеке өмірін, оның отбасын және дәрігерлердің жұмысын құрметтеп, түсіністікпен қарайды деген үміттеміз», - деп мәлімдеді Сабина Кем.
Естеріңізге сала кетейік, атақты неміс шабандозы өткен жылдың 29 желтоқсанында Франциядағы Альпі тауында шаңғы теуіп жүріп, бас сүйегін жарақаттап алды. Спортшыға екі рет ота жасалды және әлі күнге дейін интенсивті терапиялық палатада жатыр. Ал қаңтардың аяғында Шумахердің жасанды комадан шығарыла бастағаны хабарланған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері
17.04.2026, 14:50
Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды
17.04.2026, 14:40
Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері
17.04.2026, 14:30
Конференция лигасы: Ширек финал қорытындысы, кім жартылай финалға шықты?
17.04.2026, 11:30
Еуропа лигасы: Ширек финал қорытындысы, кім жартылай финалға шықты?
17.04.2026, 10:50
Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдеге қол жеткізе алмады
16.04.2026, 15:00
Бокстан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
16.04.2026, 12:55
Альваро Арбелоа маусым соңында «Реалдан» кетеді
16.04.2026, 12:10