Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Италияда өткен турнирде топ жарды
Италияның Сельва-ди-Валь-Гарден қаласында Gardena Spring Trophy турнирінде 14 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жеңіске жетті.
Жасөспірімдер арасындағы жарыста сынға түскен қазақстандық спортшы қысқа бағдарламадан кейін екінші орында тұрғанымен, еркін бағдарламада қарсыластарын басып озды. Ол екі кезең қорытындысы бойынша 157,86 ұпай жинады.
Екінші орынды 143,26 ұпай жинаған АҚШ спортшысы Эшли Шин иеленді. Ол оның отандасы Брэйди Теннел 140,56 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бұл турнир 20 жыл бойы ұйымдастырылып келеді. Кезінде бұл жарыста Мишель Кван, Саша Коэн және Каролина Костнер сында танымал мәнерлеп сырғанаушылар жеңіске жеткен.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00