Волейбол. «Есіл» - «ҚазХром» 3:1.
Тараз қаласында волейболдан ерлер арасындағы ішкі біріншілік жалғасуда. Жарыс күнтізбесіндегі екінші ойында Солтүстік Қазақстан облысының «Есіл» командасы Хромтау қаласының «ҚазХром» ұжымымен кездесті. Матч басында Есіл есепте алға шығып, қарсыласты тығырыққа тіреді. Бұл ойынның фавориті саналған «ҚазХром» аса қатты қарсылық көрсете алмай, 25-18 есебімен Есілге есе жіберді.
Ал екінші сетте қарымта қайтарамыз деген «ҚазХром» 25-20 есебімен, тағы да жеңілді. Хромтаулықтар тек үшінші сетті өз пайдасына шешті. Дегенмен төртінші сетте басымдық танытқан «Есіл» командасы ойында 3:1 (25-18, 25-20, 23-25, 26-24) есебімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00