Спортшылар елге оралды
Италияның Трентино қаласында өткен бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарында қазақ спортшылары 5 жүлдені қанжығаға байлады. Әлемнің 51 елінен, 1700 спортшы қатысқан дүбірлі додада отандық саңлақтар жалпы топтық сында 15-ші орыннан көрінді.
Ал бүгін ел намысын қорғаған сайыпқырандар елге оралды. Оларды туған-туыстары мен ұстаздары құшақ жая қарсы алып, ақ тілектерін жолдады. Универсиаданың алғашқы күнінде он шақырымдық шаңғы жарысында Татьяна Осипова қарсыластарына дес бермей, құрама қоржынына алғашқы алтынды салды.
Екінші медальды 10 шақырымдық эстафетада Александр Малышев, Геннадий Матвиенко, Сергей Малышев, және Марк Старостин Ресей мен Финляндия шаңғышыларынан озып, жеңіске жетті.
Сондай-ақ, Қазақстан ерлер хоккей командасы да жақсы ойын көрсетіп, күміс жүлдені еншіледі. Ал қоржынымыздағы жалғыз қола медальды әйелдер арасындағы бес километрлік эстафетада сыңға түскен Татьяна Осипова, Ольга Мандрика және Марина Матросова үштігі әкелді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00