Басты Жаңалықтар «Alash Pride» жігіттері жеңіске жетті

«Alash Pride» жігіттері жеңіске жетті

«Alash Pride» жігіттері жеңіске жетті

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен «Ұлы Майдан ІІ» турниріндегі «Alash Pride» пен әлем құрамасы арасындағы қарымта жекпе-жектер аяқталды.   

Алғашқы жекпе-жекте «Alash Pride» өкілі Игорь Свирид дағыстандық Рашид Алиевті бірінші раундта нокаутқа жіберді. Ал қазақстандық команданың тағы бір өкілі Христас Муратиди тәжікстандық Лоик Раджабовтан жеңіліп қалды.

Үшінші жекпе-жекте Сиррожиддин Эшанбаев Сайд-Хамзат Авхадовқа есе жіберді. Таразы басын Әділ Боранбаев теңестірді. Ол үш раундқа созылған жекпе-жекте Данияр Бабақұловтан басым түсті.

Чемпиондық атаққа таласқан Асулан Тоқтарбаев АҚШ өкілі Кевин Крумнан ұтылды. Жекпе-жек кешінде Ақтілек Жұмабекұлы де жеңіске жете алмады.  Ал «Alash Pride»  намысын қорғаған қырғыз спортшысы Кылычбек Саркабев командаға жеңіс алып келді.

Аралас жекпе-жектен еліміздегі танымал файтер Ержан Естанов Аслан Шаовпен төбелесті. Төрешілердің шешімімен жеңіс қазақстандық спортшыға берілді.

Келесі жекпе-жекте Арман Оспанов ресейлік Евгений Леничевті нокаутқа жіберсе, Азамат Баходурзода  Лом Али Медиевтің тұншықтыру әдісіне түсіп қалды.

Соңғы жекпе-жекте «Қазақ» деген лақап аты бар Қайрат Ахметов Жапония өкілі Ватанабе Татсуяны ұтып, Азия чемпионы атағына ие болды.

Бұл кездесуде «Alash Pride» 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Бөлісу