Қазақстан Рио Олимпиадасында медальдар саны жағынан тәуелсіз ел тарихындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді
Қазақстан спортшылары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан XXXI жазғы Олимпиада ойындарында 17 медальды жеңіп алды. Бұл тәуелсіз ел тарихындағы ең үздік көрсеткіш.
Бүгін спортшыларымыз жарыстарын аяқтады. Осы уақытта еліміздің қоржынында 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль бар.
Айта кетейік, Олимпиада чемпионы атағын ауыр атлет Нижат Рахимов, суда жүзуші Дмитрий Баландин және боксшы Данияр Елеусінов жеңіп алды.
Күміс медальға дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлет Жазира Жаппарқұл, боксшылар Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов, сондай-ақ палуан Гюзель Манюрова қол жеткізді.
Қола медальді дзюдошы Отгонцецег Галбадрах, ауыр атлеттер Фархад Харки, Карина Горичева мен Александр Зайчиков, жеңіл атлет Ольга Рыпакова, палуандар Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионова, боксшылар Иван Дычко мен Дариға Шәкімова алды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыСемсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:25
Ушу-саньда: Абдурашид Абдуллаев - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының чемпионы
24.09.2026, 07:15
Артем Саркисян Семсерлесуден жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 14:00
Стенд ату: Әсем Орынбай XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 11:45