Олимпиада-2016. Тамыздың 21-і күні өткен жарыстардың қорытындысы
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы XXXI Олимпиада ойындарының соңғы күні қазақстандық спортшылар 2 түрлі спорт түрінен жарысқа қатысты.
Қазақстан атынан еркін күрес бойынша 97 келі салмақта өнер көрсеткен Мамед Ибрагимов 1/8 финалда венесуэлалық Хосе Даниель Диас Роберттиді жеңіп, ширек финалда грузиялық Элизбар Одикадзеден жеңілді. Осылайша, ол Олимпиададағы жарысын тоқтатты.
Ал, жеңілатлет Михаил Красилов марафонға қатысқан 155 спортшының арасында 101-ші болып келді.
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар осымен Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарындағы жарыстарын аяқтады. Қазақстан қоржынында барлығы 17 медаль бар. Медальдар саны бойынша еліміз Олимпиадаға қатысушы мемлекеттер арасында 21-ші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Қазақстан Рио Олимпиадасында ел тәуелсіздігін алғалы медальдар саны жағынан ең үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыСемсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:25
Ушу-саньда: Абдурашид Абдуллаев - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының чемпионы
24.09.2026, 07:15
Артем Саркисян Семсерлесуден жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 14:00
Стенд ату: Әсем Орынбай XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 11:45