Басты Жаңалықтар Олимпиада-2016. Тамыздың 20-ы күні өткен жарыстардың қорытындысы

Олимпиада-2016. Тамыздың 20-ы күні өткен жарыстардың қорытындысы

Олимпиада-2016. Тамыздың 20-ы күні өткен жарыстардың қорытындысы
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы XXXI Олимпиада ойындарындағы бүгінгі жарыстар спорттың 4 түрі бойынша өтті. Қазақстан атынан 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін еркін күрес шебері Аслан Кахидзе алғашқы белдесуде Беларусь палуаны Омаргаджи Магомедовке (7:11) есе жіберді. Олимпиаданың В финалында 500 метрге жүзуден қазақстандық ескекшілер екінші келді. Қазақстандық төрт кісілік байдарка есушілердің әйелдер құрамасы Олимпиаданың В финалында 500 метр қашықтыққа жүзуден екінші келді. Қазақстандық ескекшілер Ирина Подойникова, Зоя Ананченко, Наталья Сергеева және Инна Клинова 1:39,419 уақытпен Олимпиадада 10-шы орынды иеленді. Рио Олимпиадасында өтіп жатқан байдарка және каноэ есу спортынан ерлер арасындағы сайыста Қазақстан атынан Александр Емельянов, Сергей Токарницкий, Илья Голендов және Андрей Ергучёв өнер көрсетіп, төрт кісілік байдарка есуден Олимпиаданың В финалында 1000 метр қашықтыққа жүзуде қазақстандық құрама 3:08,715 уақытымен екінші келді. Осылайша, олар 10-шы орынға жайғасты. Еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін палуандар арасында Қазақстан атынан 33 жастағы Дәулет Шабанбай бақ сынады. Турнирдің 1/8 финалында Дәулет қарсыласы Беларусь елінің өкілі Ибрагим Саидовтан 0:7 есебімен жеңілді. Таэквондодан 80 келі салмақтан жоғары дәрежеде өнер көрсететін Руслан Жапаров Рио Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады. Жұбаныш кездесу аясында өткен жекпе-жекте отандасымыз 29 жастағы оңтүстіккореялық Чха Дон Миннен ұтылды. Есеп - 8:15. Заманауи бессайыста барлығы 1141 ұпай жинаған қазақстандық Павел Ильяшенко 35-ші орынға табан тіреді. Айта кетейік, Қазақстан қоржынындағы медальдар саны - 17. Қазақстан медальдар саны бойынша Олимпиадаға қатысушы елдер арасында әзірге 20-шы орында тұр.
Бөлісу