Басты Жаңалықтар Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасында «қола» алды (ВИДЕО)

Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасында «қола» алды (ВИДЕО)

Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасында «қола» алды (ВИДЕО)
75 келіге дейінгі салмақ санатында жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Отандасымыз жартылай финалда америкалық Кларесса Шилдстен ұтылды. Кездесудің төрт раундында басымдық танытқан америкалық боксшы айқын жеңіске жетті. Нәтижесінде төрешілер 3:0 3:0 (40-36, 39-37, 40-36) есебімен Кларессаны жеңімпаз деп таныды. Айта кетейік, бұл Қазақстан қоржынына түскен 17-ші медаль.

Бөлісу